Өскемен-1 станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінің Патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы, полиция лейтенанты Бекжан Бауыржанұлы ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 2025 жылдың қазан айында бастаған.
Қысқа уақыт ішінде жас маман өзін жауапкершілігі жоғары, тәртіпке берік қызметкер ретінде көрсете білді. Оның бір жұмыс күні дәстүрлі түрде таңғы саптық тексерістен басталады. Онда жеке құрамның дайындығы пысықталып, алдағы тәуліктегі міндеттер айқындалады. Осыдан кейін Бекжан Бауыржанұлы қызметтік аумағына шығып, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында жұмыс жүргізеді.
Қызмет барысында ол профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысып, теміржол вокзалы мен оған іргелес аумақта рейдтер өткізеді. Мұндай шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар жолаушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, күмәнді жағдайлардың алдын алу бойынша жедел әрекет етеді.
Полиция лейтенанты үшін жеделдік пен қырағылық — күнделікті жұмыстың ажырамас бөлігі. Ол әріптестерімен бірлесе отырып, қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуын қадағалап, құқық бұзушылықтарға дер кезінде тосқауыл қоюға күш салады. Қызметтік міндетін адал атқара отырып, Бекжан Бауыржанұлы азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Жас қызметкер ұжым ішінде де өз орнын таба білген. Әріптестері оны еңбекқорлығы мен жауапкершілігі үшін құрметтейді. Алдағы уақытта да ол кәсіби біліктілігін арттырып, ішкі істер органдары жүйесінде абыройлы қызмет етуді мақсат етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1213887?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау