Полицейлер Ақмола облысында жоғалған зейнеткерді жедел іздеп тапты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аршалы ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ижевское ауылының тұрғыны алдыңғы күні таңертең көлікпен шығып, үйіне оралмаған 75 жастағы ер адамды іздестіруге көмек сұрап жүгінді.
Өтініш берушінің айтуынша, ер адам Аршалы ауылына көліктің доңғалағын жөндеу үшін жүріп кеткен, ал ұялы телефонын үйде қалдырған. Жасын және байланыстың жоқтығын ескерген туыстары алаңдай бастаған.
Өтініш келіп түскеннен кейін полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды. Іздеу нәтижесінде ер адам Аршалы ауылындағы өзеннің маңынан табылды. Оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді.
Полиция қызметкерлерінің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында ер адам уақтылы табылып, үйіне қайтарылды.
Іздеуде жүрген ер адамның жұбайы полиция қызметкерлеріне жеделдігі, кәсібилігі үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1213888?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version