Пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға арналған Ашық есік күні өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысының Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға арналған Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараға Ақтөбе қаласы прокуратурасының өкілдері, облыстық Әділет департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Полиция департаменті, Отбасын қолдау орталығы, жеке сот орындаушылар, «HR Consalting Kazakhstan» ЖШС, Ақтөбе қаласының Мансап орталығы және жұмыс берушілер қатысты.

Шара барысында қатысушыларға жан-жақты кеңестер беріліп, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, банктік шот ашу мәселелері бойынша түсіндірме беріліп, берешек мәселелері бойынша құқықтық кеңестер ұсынылды.

Іс-шара аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қатысушыларға тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктері таныстырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1213938?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version