2 мамыр күні Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде 19 шағын аудандағы «Ханшайым» тұрғын үй кешенінің тұрғындары сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.
Тұрғындар аула аумағын тазалап, ағаштарды әктеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, кейбірі газ құбырлары мен орындықтарды сырлап, жиектастарды қалыпқа келтіру ісіне атсалысты.
– Баршаңызды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдауға шақырамын, – деді «Ханшайым» тұрғын үй кешенінің тұрғыны Марат Құдайбергенов.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1213936?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау