Қарағандыда көшелерге мотопатрульдер шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандыда жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында қала көшелеріне полиция мотопатрульдері шықты. Олар көлік қозғалысы тығыз магистральдарда, саяжай аумақтарында және қарапайым автокөлік жете бермейтін қиын учаскелерде қызмет атқарады.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл шара жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алып, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған. Әсіресе мотоцикл жүргізушілері арасындағы тәртіпті күшейтуге басымдық беріліп отыр. Департамент бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, күн жылынған кезеңде мотокөлік иелерінің жол ережесін бұзу деректері жиілей түседі, ал мұндай оқиғалардың салдары көбіне қайғылы жағдайларға әкеледі. Соның бір мысалы — Ағадыр кентінде екі мотоцикл соқтығысып, салдарынан екі адам көз жұмған.

Тек өткен демалыс күндерінің өзінде мотоцикл жүргізушілеріне қатысты 38 әкімшілік хаттама рәсімделді. Оның ішінде жеті адам көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 30-ға жуық мотоцикл айып тұрағына қойылған.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өзара құрмет пен жауапкершілікті ұмытпауға және жолда барынша сақ болуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1213615?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version