Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар тұлғаларға арналған салықтық жеңілдіктер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру және әділ салық салу қағидатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында мүгедектігі бар тұлғалар үшін бірқатар салықтық жеңілдіктер көзделген. Қазақстанда 2026 жылы жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты мүгедектігі бар тұлғаларға арналған салықтық жеңілдіктерге елеулі өзгерістер енгізілді. Негізгі қолдау шаралары, негізінен, жеке табыс салығы бойынша салықтық шегерімдерге, сондай-ақ жекелеген салықтар мен төлемдерден босатуға байланысты.

Жеке табыс салығы бойынша салықтық шегерімдер
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 404-бабына сәйкес мүгедектігі бар тұлғалар салық салынатын табысты азайтатын салықтық шегерімдерді қолдануға құқылы:
• I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін жылына 5000 АЕК мөлшерінде әлеуметтік салықтық шегерім қарастырылған;
• III топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға, сондай-ақ мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына және қамқоршыларына – жылына 882 АЕК.

Жекелеген төлемдерден босату
Мүгедектігі бар тұлғалар бірқатар мемлекеттік баждарды төлеуден босатылады, оның ішінде соттарға жүгінген кезде және мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жекелеген нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін.

Мүгедектігі бар тұлғаларға арналған негізгі салықтық жеңілдіктер
• Мүгедектігі бар тұлғалар (I, II және III топтағы) бір көлік құралы үшін қозғалтқыш көлемі 4 000 текше см-ге дейін болған жағдайда көлік салығынан босатылады, жер салығынан толық босатылады, сондай-ақ тұрғын үй құнына байланысты мүлік салығы бойынша жеңілдіктерге ие болады.
• Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 563-бабы 3-тармағының 4- тармақшасына сәйкес мүгедектігі бар тұлғалардың қоғамдық бірлестіктері қозғалтқыш көлемі 3000 текше см-ден аспайтын бір жеңіл автокөлік және бір автобус бойынша көлік салығын төлеуден босатылады.
• Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 597-бабы 2-тармағының 4 тармақшасына сәйкес мүгедектігі бар баланы немесе бала кезінен мүгедектігі бар тұлғаныы тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуі жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеуші болып табылмайды.

Қосымша қолдау шаралары

Салық заңнамасында белгіленген шарттар сақталған жағдайда мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілер үшін есептелген корпоративтік табыс салығын азайту түрінде салықтық жеңілдіктер де көзделген.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық жеңілдіктерді қолдану үшін жұмыс берушіге растайтын құжаттарды (мүгедектік туралы анықтама және қажет болған жағдайда басқа да құжаттар) уақтылы ұсыну қажет екенін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1213447?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version