Қазақстанда жол саласын реттейтін нормативтік база түбегейлі жаңартылып жатыр. Бұл процесс енді тек жоспар деңгейінде емес нақты іске асыру кезеңіне өтті.
Жаңарту жұмыстары 2024–2029 жылдарға арналған автожол саласының нормативтік базасын реформалау жөніндегі Жол картасы аясында жүзеге асырылып, автомобиль жолдарының сенімділігіне, қауіпсіздігіне және толық өмірлік цикліне бағытталған заманауи реттеу жүйесін қалыптастыруға негізделген.
2023 жылдан бері жүргізілген талдау барысында 1200-ден астам нормативтік құжат зерттеліп, олардың едәуір бөлігі қазіргі талаптарға сай келмейтіні анықталды. Соның нәтижесінде кейбірі қайта қаралып, бірқатары мүлде жойылуда. Қазірдің өзінде 125 ескірген құжат күшін жойды.
Қазірдің өзінде 2026 жылға арналған жұмыстар аясында 5 ұлттық стандарт пен 9 салалық құжат дайындалып жатыр. Олар жол құрылысына жаңа материалдарды енгізу, жол жамылғыларын күтіп-ұстау, көпірлерді дамыту және экологиялық талаптарды күшейту бағыттарын қамтиды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/roads/press/news/details/1213602?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау