2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 15.00-де аудандық әкімдік ғимаратының мәжiлiс залында Уәлиханов аудандық мәслихатының VІІI шақырылған кезекті ХХХХ сессиясының отырысы өткiзiледi.
Депутаттардың қарауына келесi мәселе ұсынылады:
1. 2025 жылғы Уәлиханов ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы
2. Жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ынталандыру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражатын игерудің тиімділігі мен сапасын талдау
4. Білім бөлімінің 2025 жылғы жұмысы, алдағы жоспарлары және аудандағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы
5. Аудан халқын, оның ішінде жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы
Отырыстың онлайн-трансляциясы Facebook платформасында Уәлиханов аудандық мәслихаты парағы арқылы жүргізіледі.
Тұрақты комиссиясының отырысы сағат 10:00-да өтеді.
Анықтама телефондары: 21-4-33, 21-2-37
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualmaslihat/press/news/details/1213946?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау