Жедел-профилактикалық рейд: 31 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1-2 мамыр күндері қала әкімдігі, Жібек жолы, Әулиеата аудандарының әкімдігі, полиция басқармасы, жастар және білім бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің және құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласы аумағында жедел-профилактикалық рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында компьютерлік клуб, ойын-сауық және қоғамдық орындарға зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Рейд нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты 31 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 127, 441, 442 және 132 баптары бойынша хаттамалар толтырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1213945?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version