Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНАН 250-ГЕ ЖУЫҚ ҚҰС ТҮРІ ҰШЫП ӨТЕДІ
Табиғаты тамылжыған Түлкібас ауданы – түрлі өсімдіктер өсетін және аң-құстар мекендейтін киелі мекен. Сондай-ақ қарт Қаратау мен Алатаудың түйіскен тұсында орналасқан аудан аумағы арқылы 250-ге жуық құс миграциясы өтеді.
Аудан әкімі Асқар Естібаев жауапты мамандармен бірге Шақпақ орнитологиялық станциясында болып, оның жұмысымен танысты. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» ШЖҚ РМК қарасты бұл станцияда көктем-күз мезгілдерінде құстардың қоныс аударуын зерттеу үшін 8 маман ғылыми жұмыстар жүргізеді.
Мамандардың айтуынша, бұл аумақ Қаратау мен Алатаудың ең жақын түйіскен жері болғандықтан, құстардың негізгі миграциялық бағыты осы өңір арқылы өтеді.
Биыл аталған мекеменің құрылғанына 60 жыл толуына орай ауқымды халықаралық конференция жоспарланған. Оған әлемнің әр түкпірінен 100-ден астам ғалым қатысады деп күтілуде.
Айта кетерлігі, бұл орталық шетелдік туристердің де ерекше қызығушылығын тудырады. Мәселен, 2025 жылы ауданға келген 1200-ге жуық шетелдік туристің 30 пайызы осы орталыққа барған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1213369?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version