Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНАН 250-ГЕ ЖУЫҚ ҚҰС ТҮРІ ҰШЫП ӨТЕДІ
🔰Табиғаты тамылжыған Түлкібас ауданы – түрлі өсімдіктер өсетін және аң-құстар мекендейтін киелі мекен. Сондай-ақ қарт Қаратау мен Алатаудың түйіскен тұсында орналасқан аудан аумағы арқылы 250-ге жуық құс миграциясы өтеді.
🔰Аудан әкімі Асқар Естібаев жауапты мамандармен бірге Шақпақ орнитологиялық станциясында болып, оның жұмысымен танысты. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» ШЖҚ РМК қарасты бұл станцияда көктем-күз мезгілдерінде құстардың қоныс аударуын зерттеу үшін 8 маман ғылыми жұмыстар жүргізеді.
🔰Мамандардың айтуынша, бұл аумақ Қаратау мен Алатаудың ең жақын түйіскен жері болғандықтан, құстардың негізгі миграциялық бағыты осы өңір арқылы өтеді.
🔰Биыл аталған мекеменің құрылғанына 60 жыл толуына орай ауқымды халықаралық конференция жоспарланған. Оған әлемнің әр түкпірінен 100-ден астам ғалым қатысады деп күтілуде.
🔰Айта кетерлігі, бұл орталық шетелдік туристердің де ерекше қызығушылығын тудырады. Мәселен, 2025 жылы ауданға келген 1200-ге жуық шетелдік туристің 30 пайызы осы орталыққа барған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1213369?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді