Жетісу облыстық мәслихаты мен Саяси партия өкілдерінің кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева және облыстық мәслихат депутаттары Е. Егінбаев пен Ә. Қыдырманов «Байтақ» партиясы өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында партия өкілдері өңірдегі бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, қаланы көгалдандыру, арық жүйелерін тазалау, иттерді серуендету ережелерін сақтау және қаңғыбас иттерді аулау, сондай-ақ жол белгілері мен жол таңбаларын жаңарту деген сияқты мәселелер талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша Гүлнар Тойлыбаева уәкілетті жауапты тұлғалармен арнайы кездесу ұйымдастырылып, нақты шешу жолдары пысықталатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1213950?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version