🔹 Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі Самат Таңатарұлының 2026 жылдың І жартыжылдығы бойынша халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹 Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі Самат Таңатарұлының 2026 жылдың І жартыжылдығы бойынша халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті.

Кездесу округке қарасты үш елді мекен — Жарлыөзек, Бозтоған және Мұқаншы ауылдарының тұрғындары арасында өтті. Жиын барысында округ әкімі атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін кеңінен баяндады.

Атап айтқанда, ауылды абаттандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету және көше жарықтандыру мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар да қамтылды.

Самат Таңатарұлы өз баяндамасында алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісіп, тұрғындардың өмір сапасын арттыру басты мақсат екенін атап өтті.

Кездесу ашық форматта өтіп, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әкім әрбір сұраққа нақты жауап беріп, көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-zharlyozek/press/news/details/1214695?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version