Тексерулерден айыппұлдарға дейін: тарифтерді іс жүзінде қалай бақылайды және құқық бұзушылар қалай жазаланады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Коммуналдық қызметтер тарифтері мәселесі халық үшін ең сезімтал тақырыптардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда тарифтерді бақылау тек оларды бекітумен шектелмейтінін түсіну маңызды. Бұл тұрақты түрде тексеру жүргізу, құқық бұзушылықтарды анықтау және айыппұл салудан бастап тұтынушыларға қаражатты қайтаруға дейінгі нақты санкцияларды қолдану.

Табиғи монополия субъектілерінің қызметіне бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. Тексерулер профилактикалық тәртіпте де, жоспардан тыс негізде де жүргізіледі, оның ішінде азаматтардың өтініштері бойынша және құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда.

Бақылау жұмыстарының нәтижелері тариф қалыптастыру саласындағы құқық бұзушылықтардың жекелеген емес екенін көрсетеді. Мәселен, 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 58 тексеру жүргізіліп, оның 20 жағдайында бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, 25 әкімшілік іс қозғалып, 63,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Жалпы, 2025 жылы 123 тексеру жүргізіліп, оның 62 жағдайында бұзушылықтар анықталды. Қарау нәтижесінде 535 әкімшілік іс қозғалып, 922,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Іс жүзінде бақылау тек тексерулермен ғана шектелмей, нақты жауапкершілік шаралары арқылы көрініс табады.

Мәселен, Павлодар облысында тарифтік сметаның орындалуын талдау қорытындысы бойынша «Павлодар-Водоканал» ЖШС-не қатысты шығындардың жекелеген баптары бойынша ауытқулар анықталды. Тексеру нәтижесінде кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,46 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды, ол бюджет кірісіне толық төленді.

Тағы бір көрсеткіш жағдай инвестициялық міндеттемелердің бұзылуына қатысты. Семей қаласында коммуналдық кәсіпорын тариф есебінен табыс алғанына қарамастан инвестициялық бағдарламаның бір бөлігін орындамағаны анықталды. Соның салдарынан тұтынушылар 478 млн теңгеден астам қаражатты артық төлеген, ал кәсіпорынға айыппұл санкциялары қолданылды.

Сонымен қатар, тексерулер барысында реттелетін қызметтерді заңнама талаптарын бұза отырып көрсету фактілері де анықталады. Мәселен, өңірлердің бірінде қызметтің тиісті түрде рәсімделмей жүзеге асырылғаны анықталып, бұл субъектіні жауапкершілікке тартуға және айыппұл салуға негіз болды.

Осылайша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қамтамасыз етіледі. Жүргізілген тексерулер мен өтініштерді қарау нәтижесінде азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтіріледі, оның ішінде төлемдерді қайта есептеу және негізсіз есептелген қаражатты қайтару шаралары қабылданады. Қолданылатын шаралар есептеулердің әділдігін қамтамасыз етуге және тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған.

Қосымша түрде табиғи монополия субъектілерінің міндеттемелерін орындауына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтаруға бағытталған шаралар қолданылады. Атап айтқанда, шамамен 14 млрд теңге сомасына уақытша өтемдік тарифтер бекітілді, бұл тұтынушылар қаражатының игерілмеген бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.

Көрсеткіш мысал ретінде Қарағанды облысын атауға болады, онда табиғи монополия субъектілерінің есептерін тексеру қорытындысы бойынша тарифтік міндеттемелердің бір бөлігі орындалмағаны анықталды. Нәтижесінде тұтынушыларға өтемдік тарифтер механизмі арқылы 3,1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылады.

Сонымен қатар, жылумен жабдықтау саласында 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша есепке алу құралдары жоқ қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері қосылған құн салығын ескере отырып, 1 554,68 млн теңге сомасына жылу энергиясы үшін төлемдерді қайта есептеді.

Осылайша, тарифтік реттеу жүйесі тек тарифтерді бекітумен ғана шектелмей, олардың орындалуына тұрақты бақылауды да қамтиды. Тәжірибе көрсеткендей, әрбір анықталған құқық бұзушылық нақты жауапкершілік шараларына әкеледі, ал тұтынушылардың құқықтары мемлекет тарапынан қорғалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/news/details/1214737?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version