«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы мен Азаматтық Альянстың Астана филиалының бірлескен дөңгелек үстел отырысына қатысу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 05 мамырда Департамент басшысының орынбасары Л.Е. Сартымбетова және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы К.К. Исмаилов «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы жүйелі кедергілер: мүгедектігі бар адамдар үшін емдеу, оңалту және қызметтердің қолжетімділігі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты. Іс-шараны Азаматтық Альянстың Астана қалалық филиалы және «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы ұйымдастырды.

Іс-шараға сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және мүгедектігі бар адамдар қатысты.

Отырыс барысында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты өзекті мәселелер, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама және оңалту саласындағы жүйелі мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:

  • сырттай проактивті куәландыру форматын енгізу;
  • азаматтарды МӘС-ке негізсіз жолдау жағдайлары;
  • медициналық құжаттарды рәсімдеу кезінде денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелер;
  • қайта куәландыруға уақытылы жолдау мәселелері.

Сонымен қатар медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы жаңашылдықтар, оның ішінде мүгедектікті белгілеу мерзімдерін қысқарту және объективтілікті арттыру мақсатында жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы енгізілген цифрлық шешімдер туралы айтылды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазіргі уақытта медициналық-әлеуметтік сараптама процестерін жаңғырту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатқаны атап өтілді.

Сонымен қатар, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті тарапынан мүгедектікті белгілеу мәселелері бойынша ел аумағындағы аумақтық бөлімшелерді қомитын тексерулер бастамашыланған. Ведомство тарапынан мүгедектікті белгілеу рәсімдерінің заңдылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде республика бойынша медициналық құжаттарды қолдан жасау белгілері бар фактілер анықталды.

Астана қаласында мұндай бұзушылық фактілері анықталған жоқ. Жағдай Департаменттің тұрақты бақылауында, тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Іс-шара барысында қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1214736?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version