Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын ағымдағы жылғы 4 пен 7 мамыр аралығында Марал көпірінің көлік айырығынан Шарль де Голль көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізілетіні туралы хабардар етеді. Осыған байланысты көрсетілген учаске ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uad/press/news/details/1214404?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау