Орталық Азия мен Шығанақ елдері стратегиялық диалогты дамытуға мүдделі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рияд, 2026 жылғы 4 мамыр – Сауд Арабиясының «Gulf Research Center» зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Аймақтық оқиғалар аясында Орталық Азия мен Шығанақ араб мемлекеттері арасындағы қатынастарға талдау жасау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Шығанақ араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі Бас хатшылығының өкілдері және Орталық Азия елдері мен Әзірбайжанның Корольдіктегі елшілері қатысты.

Зерттеу орталығының негізін қалаушы және президенті Әбделазиз бен Сақр кіріспе сөзінде Шығанақтағы араб мемлекеттері мен Орталық Азиядағы елдердің тарихи байланыстары мен қазіргі жағдайы туралы баяндады.

Іс-шара барысында Орталық Азия мен Шығанақ өңірлері арасындағы өзара байланыстар, сондай-ақ Таяу Шығыстағы дағдарыстардың ықпалы мен олардың ықтимал салдарлары талқыланды. Қатысушылар өңірдегі қақтығыстардың жаһандық экономикалық тұрақтылыққа кері әсер ететінін атап өтіп, шиеленістерді реттеу үшін келіссөздер мен дипломатиялық тетіктерді жандандырудың маңыздылығына назар аударды.

Өз сөзінде Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Шығанақ елдері ынтымақтастығы кеңесі мен Орталық Азия елдері арасындағы стратегиялық диалогтың маңыздылығына тоқталып, өңіраралық сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту қажеттігін атап өтті. 

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар Орталық Азия мен ШАМЫК елдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтіп, өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған бірлескен ұсыныстар әзірлеу үшін осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1214403?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version