Астанада көктемгі әскерге шақыру барысы: цифрлық жүйелер мен дайындық бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Астана қаласындағы жинақтау пунктіне барып, көктемгі әскерге шақыру науқанының өту барысымен танысты. Ол шақырылушылармен тілдесіп, медициналық тексеру мен тамақтану жағдайын бақылап, тиісті бағасын берді.

Жинақтау пунктінде цифрлық шешімдерге ерекше көңіл бөлінді. «Smart-военкомат» және «e-Медосмотр» жобалары шақыру процесін жеделдетіп, оның ашықтығын арттыруға мүмкіндік беретіні туралы айтылды.

Сондай-ақ, Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің және әкімдікдің өкілдерімен бірлесіп, әскерді жасақтау мәселелері мен барлық қатысушы құрылымдардың өзара іс-қимылы талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-ump/press/news/details/1214069?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version