2026 жылдың 4 мамыр күні Аққулы ауылының ЖББМ мектепалды сынып оқушылары арналған «Балауса» олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысты.
Мектепалды сыныбының оқушылары «Балауса» интеллектуалдық ойынында жүлделі орынға ие болды.
Мектепалды сыныбының оқушылары «Балауса» интеллектуалдық ойынына қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Ойын барысында балалар түрлі тапсырмаларды орындап, белсенділік танытып, ұйымшылдықпен жұмыс істеді. Қызықты әрі тартымды өткен сайыс оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
Сайыс қорытындысы бойынша мектепалды сыныбының оқушылары Құрмет грамотасымен марапатталды.
Осындай шаралар балалардың білімге деген қызығушылығын арттырып, жан-жақты дамуына оң әсерін тигізеді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/1214067?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау