Есіл қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Есіл қаласында аумақтарды санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Абаттандыру бойынша қоғамдық қызметкерлер «УМС» ЖШС мердігерлік ұйымымен бірлесіп контейнерлік алаңдардың маңындағы ірі емес қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыстарды жүргізді. Сондай-ақ, көше-жол желілерін шаң мен кірден жүйелі түрде тазарту, борттық тастарды сырлау, сәндік қоршауларды жаңарту, ағаштарды ақтау және қаланың келбетін жақсартуға бағытталған басқа да жұмыстар жүргізілуде.

Барлық меншік нысанындағы объектілердің басшыларын, сондай-ақ көппәтерлі үйлер мен жеке сектордың тұрғындарын іргелес аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарына белсене қатысуға шақырамыз. Біздің қаламыздағы тазалық пен тәртіп – бұл ортақ жауапкершілік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil-esil/press/news/details/1214718?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version