Қарасу ауданында жедел-тактикалық жаттығуөткізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылдың 5 мамыр күні сағ. 14:30 18:30 аралығында Қарасу ауданы Қарасу ауылында, Қарасу аудынының әкімдігі аумағында (с.Карасу, Исакова к-сі 73 ғ-ті) Қарасу аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Қарасу -Терроризмге қарсы-2026» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда.
Аталған іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Ақпаратқа тек ресми дереккөздерге сүйенуге өтінеміз. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
 
 
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық жедел штабы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1214721?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version