Шымкент қаласында Түркістан, Жамбыл, Ұлытау және Қызылорда облыстарынан келген кинологиялық есептоптардың сертификаттау сынақтары басталды. Сынақтарға барлығы 11 кинологиялық есептоп қатысуда.
Сынақтар үш күнге созылады. Осы уақыт аралығында кинолог-құтқарушылар мен олардың төрт аяқты көмекшілері үш негізгі кезең бойынша белгіленген нормативтерді орындайды.
Іс-шараның мақсаты — кинологиялық есептоптардың дайындық деңгейін бағалау, сыныптық біліктілікті беру немесе растау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді анықтауға арналған іздестіру иттерін дайындау және қолдану тәжірибесімен алмасу.
Сынақтың алғашқы күні қатысушылар белгіленген талаптарға сәйкес «бойсұну және кедергілер жолағы» кезеңінен өтті. Кинологиялық есептоптар жоғары дайындық деңгейін, иттермен үйлесімді өзара іс-қимылын және кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Сынақ барысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әр кезең сарапшылар тарапынан объективті әрі жан-жақты бағалануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1214340?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау