«ТМД-дағы Денсаулық және адам құқықтары апталығы» мемлекетаралық акциясы аясында білім ордасында «Ерекше балалардың денсаулығы: мәселелер мен шешімдер» тақырыбында Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезовтің және ата-аналардың қатысуымен мазмұнды дөңгелек үстел өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы 16 сәуірде «ТМД-дағы Денсаулық және адам құқықтары апталығы» мемлекетаралық акциясы аясында білім ордасында «Ерекше балалардың денсаулығы: мәселелер мен шешімдер» тақырыбында Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезовтің және ата-аналардың қатысуымен мазмұнды дөңгелек үстел өтті.

Кездесудің басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын сақтау, нығайту және қорғау бағытындағы өзекті мәселелерді талқылап, оларды тиімді шешу жолдарын бірлесе қарастыру болды.

Кездесуге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Е. Байконысов, Сараптамалық кеңес мүшесі және Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Б. Жандосова, Сараптамалық кеңес мүшесі, Шымкент қаласы білім басқармасының «Психологиялық-педагогикалық орталығы» КММ директоры Ж. Утесинова және ата-аналар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері, сала мамандары мен ата-аналар арасында маңызды пікір алмасу алаңы қалыптасып, қатысушылар өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, ата-аналардың қойған сұрақтарына мамандар тарапынан жан-жақты жауаптар беріліп, ашық әрі еркін диалог орнады.

Бұл дөңгелек үстел қоғам мен ата-аналар арасындағы өзара түсіністікті нығайтып, ерекше балалардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1214339?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version