Қоқыссыз пикник: экологиялық мәдениет қарапайым әдеттерден басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жылы маусымның басталуымен тұрғындар табиғат аясында демалуға жиі шыға бастайды. Осыған байланысты Департамент полиции области Абай азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және өздерінен кейін қоқыс қалдырмауға шақырады.

Әрбір тасталған кәмпит қағазы, бөтелке немесе пакет — қоршаған ортаның ластануына қосылған үлес. Тазалық жеке жауапкершіліктен басталатынын ұмытпаған жөн.

Бұл бағытта балаларды тәрбиелеудің маңызы зор. Қарапайым әдеттер — қоқысты жәшікке дейін жеткізу, жерге тастамау, өзіңнен кейін жинау — ерте жастан экологиялық мәдениетті қалыптастырады.

Қоршаған ортаны қорғау саласында «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру маңызды. Бұл — кез келген экологиялық құқықбұзушылықты, оның ауқымына қарамастан, мүлдем қабылдамау дегенді білдіреді.

Соңғы жылдары қоршаған ортаның ластануы жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелердің біріне айналды. Осыған байланысты Қазақстанда 2024 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

қоршаған ортаның жағдайын жақсарту;
экологиялық жауапты мінез-құлықты қалыптастыру;
азаматтардың экология мәселелері жөніндегі хабардарлығын арттыру;
экологиялық құқықбұзушылықтарға бақылауды күшейту.

Бағдарлама тек ағымдағы мәселелерді шешуге ғана емес, сонымен қатар қоғамның ойлауын өзгертуге, табиғатты қорғау — әр азаматтың ортақ міндеті екенін түсіндіруге бағытталған.

Экологиялық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік те күшейтілді. Кәсіпорындар үшін айыппұлдар ұлғайтылып, жүйелі бұзушылықтар кезінде он есеге дейін арттырылуы мүмкін. Жауапкершілікке тарту мерзімі үш жылға дейін ұзартылды. Қоршаған ортаға келтірілген зиян толық көлемде өтелуге тиіс.

Сонымен қатар, заңсыз қоқыс үйінділерін жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілді — айыппұлдар арттырылып, көлік құралдарын тәркілеу қарастырылған.

Полиция ескертеді:
қоқысты белгіленбеген орындарға тастағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 және 505-баптары бойынша жауапкершілік көзделген.

 Болашақ — бүгін не істейтінімізге байланысты.
Қоршаған ортаның тазалығы — әрқайсымыздың қолымызда.
Қоқыс қалдырмайық — табиғатты келешек ұрпақ үшін сақтайық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1214027?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version