Таза Қазақстан – таза сана: Абай облысында қоғамдық қор жастары мен бірлескен сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы “СОЦ КZ” қоғамдық қорының белсенді жастарымен бірлесіп, өңірде кең ауқымды сенбілік ұйымдастырды. Іс-шара қоғамдық орындарды тазалау, қоқыс қалдықтарын жинау, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүзеге асырылды.

Сенбіліктің негізгі мақсаты – жастардың белсенділігін арттыру, қоғамдық жауапкершілікке шақыру және тұрғындар арасында тазалықты сақтау мен салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шара барысында қатысушылар қалалық саябақтарды, алаңдарды және көшелерді жинап, қоқыс қалдықтарын сұрыптап, қайта өңдеуге дайындады.

Абай облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері:

“Біздің басты мақсатымыз – қоғамда жауапкершілік пен тазалық мәдениетін қалыптастыру. Мұндай бірлескен іс-шаралар жастардың белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың қоғамға деген сүйіспеншілігін күшейтеді” деп ойларымен бөлісуде.

Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы мен “СОЦ КZ” қоғамдық қорының жастар қозғалысы ынтымақтастықтың тиімді үлгісін көрсетті. Сенбілік нәтижесінде өңірдегі қоғамдық орындар айтарлықтай тазартылып, тұрғындардың экологиялық сана-сезімі артты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1214026?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version