Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы және Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс қырықыншы сессиясы өтті.
Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №36/202-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- 2026 жылға арналған кондоминиум обьектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум обьектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы.
- Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №36/218/-VІІІ «Қазығұрт аудандық мәслихаты және оның аппаратының 2026 жылғы қызметін қамтамасыз ету шығындарының сметасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №36/202-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы С.Сайлауов баяндама жасады.
Баяндамашы аудан бюджетінің қаржылары мен атқарылатын жұмыстар туралы депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Мәселені талқылай келе бұл мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.
Күн тәртібіне ұсынылған 2026 жылға арналған кондоминиум обьектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум обьектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы мәселе бойынша бөлім басшысының орынбасары Н.Байкулов түсінік беріп, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы және Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №36/218/-VІІІ «Қазығұрт аудандық мәслихаты және оның аппаратының 2026 жылғы қызметін қамтамасыз ету шығындарының сметасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер де депутаттардың қолдауына ие болып тиісті шешім қабылданып, өзгерістер енгізілді.
Сессия соңында аудан әкімі сөз алып, сессияда қаралған мәселелер бойынша өз пікірін білдіріп, депутаттарға алғысын айтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-kazygurt/press/news/details/1214353?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау