Скандинавиялық жүрістен марафон ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Осы мерекеге орай Сайран жағалауында скандинавиялық жүрістен марафон ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту, сондай-ақ белсенді өмір сүруге ынталандыру болды.
Марафонға «Белсенді ұзақ өмір орталығының» қызмет алушылары белсене қатысып, өздерінің сергектігі мен белсенділігін көрсетті. Қатысушылар таза ауада серуендеп, скандинавиялық жүрістің пайдасын сезініп, көтеріңкі көңіл күйде болды.
Іс-шара барысында қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, достық қарым-қатынасты нығайтты. Мұндай шаралар ұрпақтар сабақтастығын арттырып, қоғамдағы ауызбіршілік пен өзара сыйластықты дәріптейді.
Марафон соңында барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттар мен кішігірім сыйлықтар табысталып, олардың еңбегі мен ынтасына ризашылық білдірілді. Бұл күн қатысушылардың жадында жарқын әсер қалдырып, жаңа жетістіктерге шабыт берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1214418?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version