ТҮРКІСТАНДА 2 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ГҮЛ КӨШЕТІ ЖАЙҚАЛЫП ТҰР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жалпы қала аумағында 2 миллионға жуық гүл көшеттері отырғызылды. Атап айтқанда, шалпей, петуния, бархатцы, циннея, виола, катарантус, колеус және целлозия секілді әртүрлі біржылдық және көпжылдық сәндік гүл түрлері егілді.
Гүл егу және көгалдандыру жұмыстары қаланың негізгі кіреберіс аймақтарын, Әкімшілік-іскерлік орталығы аумағын, мәдени-рухани орталығы, халықаралық және жергілікті туристік нысандар маңын, сондай-ақ орталық көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді толық қамтиды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1214424?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version