ЖАСЫЛ АЙМАҚТАРДЫ КҮТІП-БАПТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласының аумағында қала келбетін көркейту, экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жоспарлы түрде абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Көктемгі кезең аясында жасыл желектерді сақтау және олардың қалыпты өсіп-өркендеуіне жағдай жасау бағытында бірқатар агротехникалық шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, ағаштардың түптері әктеліп, топырағы қопсытылуда, артық жапырақтар жиналып, көгалды алқаптарда газон ору жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, қала аумағындағы көгалдар мен жасыл аймақтарға тұрақты түрде күтім жасалып, санитарлық тазалық шаралары күшейтілген режимде іске асырылуда.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1214425?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version