Бүгін Түркістан қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау және туристік тасымал қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық әкімдіктің қызметкеплері мен туристік полиция өкілдері рейдтік шара жүргізді.
Рейд барысында электрокар жүргізушілерінің құжаттары тексеріліп, қауіпсіздік шаралары мен туристерге қызмет көрсету сапасы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың көлік құралын басқаруына тыйым салынатыны жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Талапқа сай келмейтін электрокарлар белгіленген тәртіпке сәйкес айып тұрағына жеткізілді.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, қала аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз шаралары күшейтілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1214427?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау