Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілінің ҚАЖД қызметкерлерімен жұмыс кездесуі. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығымен және қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында пенитенциарлық жүйедегі азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуының негізгі аспектілері және ұстау жағдайларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мәселелері талқыланды. Құқықтарды қорғаудың превентивті тетіктеріне және заңнама бұзушылықтарының алдын алуға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және Абай облысындағы құқық қорғау мониторингі шеңберінде ақпарат алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1215164?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау