Құрметті жұмыс берушілер мен жұмыскерлер!
Жыл сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан ұйымдастырылып, қоғамда еңбек адамының беделін арттыруға, жастарды еңбекке құрметпен қарауға және еңбек дәстүрлерін дәріптеуге бағытталған «Еңбек жолы» конкурсына құжат қабылдау басталды.
Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы» номинациялары бойынша өтеді.
Байқауға барлық саладағы кәсіпорын қызметкерлері қатыса алады. Байқау өңірлік және республикалық екі кезеңнен тұрады. Жеңімпаздар әр номинация бойынша І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталады.
Қатысуға қажет құжаттар тізімі: еркін нысандағы өтініш, жеке куәліктің көшірмесі, 1-2 минуттық бейнеролик (қалауы бойынша), 1 минутқа дейінгі презентация (PowerPoint), жұмыс өтілін растайтын құжаттар, ұсыным хат (жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан), қосымша марапаттар мен сертификаттар (бар болса). Құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде қабылданады.
Өтінім қабылдау мерзімі: 1 шілдеге дейін.
Мекенжайы: Шымкент қаласы, С.Бәйтереков көшесі, 89. Тел: 8 (7252) 27-71-37
WhatsApp:
Абай ауданы – 8 707 978 94 59
Әл-Фараби ауданы – 8 708 149 00 51
Қаратау ауданы – 8 777 105 36 37
Еңбекші ауданы – 8 778 144 43 88
Тұран ауданы – 8 775 214 11 88
Еңбекті дәріптеп, үздіктер қатарынан көрініңіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1215165?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау