Ағымдағы жылдың 5 мамырында республикалық«Мағжан оқуларының » байқауының облыстық кезеніңде Саумалкөл қазақ орта мектебінің оқушысы Кеңесбай Медина жүлделі III орынға ие болды! 👏
Бұл байқау – жас ұрпақтың рухани дамуына, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды алаң. Осындай деңгейдегі сайыста жүлделі орын алу – үлкен ізденіс пен табандылықтың нәтижесі. Медина өз білімін, шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетіп, ауданымыздың абыройын асқақтатты.
Оқушымыздың бұл жетістігі – ұстаз еңбегінің, жүйелі дайындықтың және оқушының талпынысының айқын көрінісі. Осындай дарынды жастар – еліміздің жарқын болашағы!
Кеңесбай Мединаға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! 🌟
Жетекшісіне және ата-анасына зор алғысымызды білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aiyrtau-edu/press/news/details/1215035?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау