Аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев Алға қаласында жаңадан іске қосылған өндірістік нысанның жұмысымен танысты.
«АлгаХолдинг» ЖШС 2026 жылдың мамыр айынан бастап бордюр мен брусчатка бұйымдарын өндіруді қолға алды. Кәсіпорынның жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі өндіріс цехын аралап, оның қазіргі қуаттылығы мен алдағы даму жоспарларын талқылады.
Кәсіпорын басшысы өндіріс көлемін ұлғайту және жаңа өнім түрлерін шығару бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, аудан әкімі жаңа спорт кешенінің құрылыс барысын да бақылады. Қазіргі таңда нысанның негізгі құрылыс жұмыстары толық аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың ішкі кеңістігі заманауи талаптарға сай безендіріліп, спорт залдары мен қосалқы бөлмелерді жабдықтау жұмыстары қарқынды жүруде.
Аудан басшысы нысанды толық аралап шығып, жауапты тұлғаларға спорт кешенін бірінші жартыжылдықтан кешіктірмей тұрғындардың игілігіне беру қажеттігін тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1215036?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау