Ақмола облысында туризм саласы өкілдеріне арналған цифрландыру бойынша семинар өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысында өңірлік туризм басқармасының ұйымдастыруымен туристік бизнес өкілдеріне арналған практикалық семинар өтті. Іс-шараның негізгі тақырыбы – саланы цифрландыру және туристік қызметтерді ілгерілетудің заманауи құралдарын пайдалану.

Семинар барысында қатысушыларға туристердің демалыс бағытын таңдау кезіндегі мінез-құлқындағы негізгі өзгерістер, сұранысты қалыптастырудағы цифрлық платформалардың рөлі, сондай-ақ бизнестің онлайн ортада (іздеу жүйелері, әлеуметтік желілер, картографиялық сервистер) дұрыс ұсынылуының маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар туристік нысандардың цифрлық ізі талданып, клиенттерді жоғалту нүктелері анықталды және интернеттегі көрінімді арттырудың практикалық құралдары қарастырылды. Сарапшылар онлайн-коммуникацияны жақсарту және пікірлермен жұмыс істеу бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Іс-шараға орналастыру орындарының өкілдері, туроператорлар, экскурсиялық компаниялар және өңірдің туризм саласының басқа да қатысушылары қатысты.

Жалпы семинарға туристік бизнес саласының 70-тен астам өкілі қатысты.

Осындай іс-шаралар өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, туризм саласын дамытуға және бизнесті заманауи цифрлық талаптарға бейімдеуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1215589?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version