Ағымдағы жоспарға сәйкес Теректі ауылдық округінде ауыл тұрғындары арасында шахматтан жарыс өткізілді. Теректі ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Ерлан Жексембаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың мақсаты:
салауатты өмір салтын насихаттау;
спортшылардың шеберліктерін шыңдау.
Жарыс төмендегідей нәтижемен аяқталды:
Никулин Николай — 1-орын
Шорин Михаил — 2-орын
Рамазанова Алуа — 3-орын иеленді.
Жарысқа барлығы 12 адам қатысты. Жарыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз. Бұқаралық спорттың дамуына үлес қосқандарыңызға алғыс білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-terekti/press/news/details/1215590?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау