Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит кезекті азаматтарды қабылдауын өткізді.
Іс-шараға басқармаға қарасты ұйымдардың басшылары мен жауапты мамандар қатысты. Қабылдау барысында басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың өтініштері қаралды.
Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша басқарма басшысы барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында шешілетінін атап өтті. Жауапты тұлғаларға және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына өз құзыреті шегінде тиісті тапсырмалар берілді.
Бірқатар мәселелер басқарма басшысының жеке бақылауына алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1215399?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау