Жамбыл облысында полиция қызметкерлері автокөліктің өртеніп кетуінің алдын алды
Меркі ауданында түнгі уақытта патрульдеу қызметін атқарып жүрген полиция қызметкерлері жол бойында тұрған «Газель» маркалы автокөліктен өрт шыққанын байқаған.
Анықталғандай, автокөлікте бал арасының омарталары орналасқан. Өрт омарталарға арналған түтін шығаратын құрылғыны пайдалану салдарынан тұтанған.
Полиция қызметкерлері бірден жедел әрекет етіп, өрт сөндіру қызметі жеткенге дейін жалынды өз күштерімен тоқтатты. Олар арнайы құралдың көмегімен су шашып, оттың одан әрі таралуына жол бермей, ықтимал ірі қауіптің алдын алды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Автокөлік иесі полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі шұғыл әрекетіне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
Полиция департаменті азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды, әсіресе жанғыш заттар мен арнайы құрылғыларды пайдалану кезінде барынша сақ болуды ескертеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1215398?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау