Ағымдағы жылдың сәуір айында «Қоғамдық келісім» КММ алаңында «Бейбітшілік – басты құндылық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайту, құқықтық мәдениетті арттыру және дауларды өркениетті жолмен шешудің тиімді тетіктерін насихаттау болды.
Жиынға медиация саласындағы сарапшылар, қоғамдық құрылымдардың мүшелері, этномәдени бірлестіктер, құқық қорғау органдарының өкілдері және Көкшетау қаласының студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар бейбітшілік пен келісім – қоғам дамуының негізгі тірегі екенін атап өтіп.
Сондай-ақ кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қаулыларының (2023 жылғы 22 ақпандағы №3 және 2023 жылғы 6 наурыздағы №4) талаптары түсіндірілді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1215261?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау