Департамент басшысының Шал ақын ауданына жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ағымдағы жылдың 5 мамырында Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы жұмыс сапарымен Шал ақын ауданында болды.
ББЖМ-2026 (Оқушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу) өткізу аясында Гүлнәр Темірболатқызы Сергеевка қаласындағы академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясына тәуелсіз бақылаушы ретінде барды. 4 және 9-сынып оқушыларына арналған тестілеу штаттық режимде, интернет байланысында ешқандай іркіліссіз өтті. Өткізу процедурасында заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.
Департамент басшысы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған аудандық білім бөлімінің алқа мәжілісіне қатысты. Алқа жұмысына прокуратура өкілдері, аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, облыстық психологиялық қолдау орталығы мен «Демеу» орталығының басшылары, сондай-ақ мектеп директорлары, психологтар, әлеуметтік педагогтар мен ата-аналар қатысты. Гүлнәр Темірболатқызы «ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хаттамалық тапсырмасы аясында жүргізілген СҚО білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының жай-күйіне талдау» тақырыбында баяндама жасады. Сөз сөйлеу барысында Шал ақын ауданының түйткілді мәселелері айтылып, оларды шешу бойынша ұсыныстар берілді.
Алқа мәжілісі аяқталғаннан кейін аудандық білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті. Негізгі назар келесі мәселелерге аударылды: оқу жылын сәтті аяқтау және қорытынды аттестаттауды өткізу; аттестаттарды толтыру кезінде нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау; академиялық адалдықты, педагогикалық әдепті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау; балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру. Аудандық білім бөлімінің басшысы Бұлбұл Ахмадиқызына «Аю тас» балалар лагерін лицензиялауға материалдарды сапалы дайындау бойынша жеке тапсырма берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1215055?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version