Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша сегіз ЖЭО тәуекел аймағынан шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы ірі технологиялық бұзушылықтарсыз тұрақты режимде аяқталды. Өткен кезеңнің қорытындылары мен энергия нысандарының техникалық жай-күйі туралы Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Өткен жылы электр станцияларында жөндеу жұмыстарын қаржыландыру алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 348 млрд теңгеге дейін 6%-ға ұлғайтылды. Жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын қаржыландыру 16%-ға ұлғайтылып 129 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Электр станцияларында жөндеу кестесіне сәйкес 10 энергоблокта, 63 қазандықта, 39 турбинада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Электр желілерінде 17 мың шақырым электр беру желісі, 420 қосалқы станса жөнделді. 323 шақырым жылу желісі реконструкцияланды. Бұл электр стансаларының негізгі жабдықтарының тозуын 53%-ға, электр желілерінің тозуын 66,2%-ға және жылу желілерінің тозуын 50%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

«Электр желілеріндегі технологиялық бұзушылықтар 12%-ға, ал электр стансалары бойынша – 15%-ға қысқарды. Жылу желілерінің температуралық кестесін сақтамау жағдайларының саны 3 есе қысқарды. Жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу электр орталықтарының рейтингі жақсарды. Осылайша, 5 жылу электр орталығы «қызыл» аймақтан «сарыға» және 3 жылу электр орталығы «сарыдан» «жасылға» көшті», – деді вице-министр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-aishuak/press/news/details/1215066?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version