Салтанатты бөлімде құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері, прокуратура өкілдері, жалпы білім беретін мектептердің алғашқы әскери дайындық оқытушылары және өңір тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі болып отырған өзге де күштік құрылым өкілдері марапатталды. Қала басшысы шақырылған қонақтарға адал қызметі мен өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Қоғам алдындағы еңбегі зор ардагерлерге ерекше құрмет көрсетіліп, олардың жетістіктері залдың зор қошеметімен атап өтілді. Ресми құттықтаулардан кейін мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сахнада патриоттық әндер шырқалып, Отан қорғаушылардың ерлігі мен батылдығын дәріптейтін хореографиялық қойылымдар ұсынылды. Әсерлі бағдарлама қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, елге деген мақтаныш сезімін арттырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1215757?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау