Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған конференция Грекияда өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Афина, 2026 жылғы 1 мамыр – Грекия астанасында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған «Қазақстан мен Грекия: тарихи ретроспектива және қазіргі ынтымақтастықтың бағыттары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шара Қазақстан-Грекия ынтымақтастығын нығайту, Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан заманауи реформалар, сондай-ақ этносаралық келісімнің елдің орнықты дамуының негізгі тетіктерінің бірі ретіндегі маңызы мәселелеріне арналды. Конференция барысында понтийлік гректердің Қазақстан мен Грекия арасындағы маңызды гуманитарлық көпір ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.

Конференцияға грек жұртшылығының өкілдері, грек диаспорасы бірлестіктерінің мүшелері, Грекияда тұратын қазақстандық отандастар, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері қатысты.

Қатысушыларға Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған, ел халқының мәдени әралуандығы мен ортақ дәстүрлерін бейнелейтін бейнематериал ұсынылды. Бағдарламаның жеке бөлімі Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан негізгі реформаларға және олардың мемлекетті одан әрі дамытудағы маңызына шолу жасауға арналды. Конференция ашық пікірталаспен қорытындыланып, оның барысында қатысушылар Қазақстан мен Грекия арасындағы гуманитарлық және қоғамдық байланыстарды одан әрі кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Іс-шара аясында Қазақстан-Грекия ынтымақтастығын дамытуға және екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін «Арго» қоғамының өкілі Мария Феодориди-Канакиди, Христос Софианидис, Калифея қаласы әкімдігінің кеңесшісі Василий Ченкелидис, сондай-ақ грек қауымдастығының аға буын өкілі Георгий Хутиди алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара мерекелік фуршетпен аяқталып, қатысушыларға бейресми жағдайда өзара пікір алмасуды жалғастыруға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1215294?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version