Сарыағаш ауданында бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған салауатты өмір салтын қалыптастыру және халықтың спортқа қолжетімділігін арттыру міндеттері өңірде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
Осы орайда, ауданға қарасты Таскескен елді мекенінде кіші футбол және workout алаңшасы пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысып, жергілікті тұрғындарды жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтады. Сонымен қатар, іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары қатысты. Ауыл тұрғындары игі бастаманың маңыздылығын атап өтіп, өз ризашылықтарын білдірді.
Аталған спорт алаңшасының құрылысы аудандық бюджет есебінен қаржыландырылып, мердігер «AIN Development ЖШС» тарапынан сапалы түрде жүзеге асырылды. Нысан кіші футбол алаңымен қатар, заманауи workout құрылғыларымен толық жабдықталған.
Айта кетсек, жаңа алаңша ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне, дене шынықтырумен тұрақты айналысуына және түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірде бұқаралық спорттың дамуына оң серпін береді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1215283?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау