Қобда қазақ орта мектебінде оқушылардың шығармашылық және кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған Kobda TV мектеп телестудиясы табысты жұмыс істеп келеді.
Телестудия базасында медиа мен заманауи коммуникацияларға қызығушылық танытатын оқушыларды біріктіретін «Жас журналист» үйірмесі жұмыс жасайды. Оқушылар жүргізуші, оператор, сценарист рөлдерін байқап көріп, бейнетүсірілім, монтаж, жарық пен дыбыспен жұмыс істеудің негіздерін меңгереді. Мұндай формат олардың журналистикадағы алғашқы қадамдарын жасауына, өз қабілеттерін ашуына және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Телестудия қызметі бірнеше бағытты қамтиды. Мектеп өмірі, оқу үдерісі және сыныптан тыс іс-шаралар туралы ақпараттық шығарылымдар, тақырыптық бағдарламалар мен бейнесюжеттер дайындалады. «Мектеп тынысы» айдары аясында мектептің өзекті жаңалықтарын қамтитын «Apta Update» бағдарламасы тұрақты түрде шығып тұрады.
Білім беру бағытына да ерекше көңіл бөлінеді. Телестудия педагогтермен тығыз байланыста жұмыс істеп, әдістемелік қолдау көрсетеді: түрлі гайдтар, брошюралар және үлестірме материалдар әзірлейді. Сонымен қатар оқу үдерісін сүйемелдейтін бейнематериалдар, оның ішінде зертханалық жұмыстар мен әдеби шығармалар бойынша талқылаулар түсіріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1215051?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау