«Астана» концерт залында «Ағалар ерлігі – ұрпаққа ұлағат» атты әскери-патриоттық акция өтті. Іс-шара Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды. Шараға қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов бастаған ардагерлер, елге еңбек сіңірген зейнеткерлер, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты. Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығының қызметкері Шалгинбаев Қанат Дюсенович «Әскери-патриоттық тәрбиеге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-ump/press/news/details/1215052?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау