Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында өтініш берушілер тарапынан сот актілерімен және судьялардың процессуалдық әрекеттерімен келіспеушілік білдіріліп, сондай-ақ сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

Дмитрий Малахов Жоғары Сот Кеңесінің құзыреті шегінде заңды күшіне енген және енбеген сот актілеріне шағымдану тәртібі, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік іс қозғау рәсімі бойынша жан-жақты түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, Кеңестің соттар мен судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру қызметіне араласпау қағидатының сақталатыны ерекше атап өтілді.

Айта кету керек, азаматтарды жеке қабылдауды жүйелі түрде өткізу «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңызды элементі болып табылады және халықпен тікелей әрі ашық диалог орнатуға мүмкіндік береді.

Кеңес Төрағасының азаматтарды жеке қабылдауы алдын ала жазылу бойынша күнделікті негізде жүргізіледі, бұл азаматтардың Кеңес басшылығына тікелей жүгінуіне мүмкіндік беріп, көтерілген мәселелерге жедел әрекет етуге ықпал етеді.

Сондай-ақ, азаматтар жеке қабылдауға облыстық соттардың бейнеконференц байланысы арқылы онлайн форматта да, Жоғары Сот Кеңесінің ғимаратында тікелей де қатыса алатынын атап өткен жөн.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1215099?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version