Бүгін елімізде Отан қорғаушы күні атап өтіледі. Бұл мереке – батырлық пен елге деген шексіз сүйіспеншіліктің символы.
Ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметкерлердің қажырлы еңбегі – өскелең ұрпақ үшін нағыз патриотизмнің үлгісі. Отанға адал қызмет ету – үлкен абырой мен жауапкершілік. Мемлекетіміздің іргесін бекемдеуге үлес қосып жүрген азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
Баршаңызға амандық, қажымас қайрат, отбасылық бақ-береке және Отан игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1215884?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау