«Авиценна» Жоғары медициналық колледжінде студенттер үшін «Заң және тәртіп: азаматтың құқықтары мен міндеттері» атты ақпараттық-тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Абай облысы Полиция департаментінің Профилактика жұмыстарын үйлестіру басқармасының бастығы полиция подполковнигі Аскаров Асет қатысып, студенттерге құқықтық білім мен азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндірді.
Полиция подполковнигі өз сөзінде:
«Құқық бұзушылықтардың алдын алу тек полицияның міндеті емес. Бұл – барлық әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау органдары мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының бірлескен жұмысы. Біз әр отбасы мен азаматқа нақты көмек көрсетуді басты міндет етуіміз қажет».
Іс-шарада «Құқық бұзушылықтар профилактикасы» туралы жаңа заңның негізі жан-жақты түсіндіріліп, мемлекеттік органдар мен қызметтердің үйлесімділігін күшейту бағыттары нақты көрсетілді.
Кездесудің қорытындысында студенттерге заңды сақтау, құқықтық сауаттылық және белсенді азаматтық позицияның маңыздылығы ескертіліп, жергілікті деңгейде бірлескен жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру шаралары қолға алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1215834?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау