20 сәуірден бастап Қазақстан Республикасында азаматтық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды республикалық акция бастау алды. Аталған шараның негізгі мақсаты – заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды азаматтардан ерікті түрде қабылдау арқылы қоғамдық қауіпсіздікті арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, тапсырылған қарудың техникалық жағдайына байланысты ақшалай өтемақы қарастырылған:
Өтемақы белгіленген тәртіппен азаматтардың банк шоттарына аударылады.
Азаматтардың ерікті түрде қару тапсыруы олардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылуына негіз болады. Бұл – заң талаптарын сақтай отырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді құқықтық тетік.
Аталған акцияның маңыздылығы бірнеше аспектіден көрінеді. Біріншіден, заңсыз қарудың айналымын қысқарту арқылы ықтимал қауіптердің алдын алады. Екіншіден, әрбір азаматтың қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан үлесі ретінде бағаланады. Үшіншіден, қаржылық өтемақы арқылы заңсыз заттарды заңды түрде тапсыруға ынталандырады.
Осыған орай, азаматтарды аталған акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Заңсыз сақталған қарудан бас тартып, қоғам қауіпсіздігіне өз үлестеріңізді қосыңыздар. Қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1215835?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау